Қарағанды облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы

Қарағанды облысының әкімдігінің 2019 жылғы 4 қыркүйектегі № 52/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 5 қыркүйекте № 5452 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды мемлекеттік реттеу туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 280 "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19123 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген Қарағанды облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидалары бекітілсін.

      2. "Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі, "Сарыарқа" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Қошанов

  Қарағанды облысы
әкімдігінің
2019 жылғы 4 қыркүйектегі
№52/01 қаулысымен
бекітілген

Қарағанды облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 18.07.2023 № 48/02 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қарағанды облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) және "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі №280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19123 болып тіркелді) (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленген және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың тәртiбiн айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қоры – Қарағанды облысы аумағында аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік әсер ету және азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн құрылған азық-түлiк тауарларының жедел қоры;

      2) азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту - азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін оларды өткізу немесе жаңа сақталу мерзімімен немесе келесі жылдың жаңа егінінен дәл сондай көлемдегі азық-түлік тауарларын кейін жеткізе отырып, азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін оларды қайтару;

      3) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру - сатып алу интервенциялары, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына азық-түлік тауарларын орналастыру және сақтау;

      4) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын пайдалану – тауар интервенцияларын жүргізу және азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту мақсатында азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларын өткізу;

      5) ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (бұдан әрі - ауылшартауарынөндіруші) - ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға;

      6) сатып алу интервенциялары – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында бағалар төмендеген кезде, Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмалары шеңберінде мамандандырылған ұйымдардың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуы жөніндегі іс-шаралар;

      7) тауар интервенциялары - бағалар өскен кезде ішкі нарықты тұрақтандыру мақсатында жүзеге асырылатын, азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларынан ішкі нарықта азық-түлік тауарларын өткізу жөніндегі іс-шаралар;

      8) тіркелген баға - өндіруге/сатып алуға, сақтауға, табиғи кемуге (кебуге), межелі орынға дейін жеткізуге кеткен шығындарды, сондай-ақ өнімнің өзіндік құнынан маржалық табысты ескере отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының бағасы;

      9) форвард - сатып алушы (немесе сатушы) болашақта келісілген шарттармен базалық активті сатып алудың (немесе сатудың) белгілі бір мерзімі өткеннен кейін өзіне міндеттеме алатын өндірістік қаржы құралы;

      10) шекті сауда үстемесі – ішкі сауда субъектілерінің түпкілікті тұтынушыларға азық-түлік тауарларын өткізуі кезінде бағаны айқындау үшін қалыптастырылатын сауда үстемесі.

      3. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктері осы Қағидаларына сәйкес жұргізіледі.

      4. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерінің тиімді және уақтылы қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында облыстың әкімі Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) құрады және оның құрамын бекітеді.

      5. Комиссия төрағасы облыс әкімінің орынбасары болып табылады, кәсіпкерлік, сауда және ауыл шаруашылығы басқармаларының (бөлімдерінің) қызметкерлері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері Комиссия мүшелері болып табылады. Комиссия өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.

      6. Комиссияның сандық құрамы тақ болуы және кемінде тоғыз адамнан тұруы тиіс. Бұл ретте комиссия мүшелерінің үштен екісі жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері болуы тиіс. Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.

      7. Комиссияның құзыретіне мыналар жатады:

      1) Қарағанды облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шешім қабылдау;

      2) азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларын құру және пайдалану тетігін іске асыру мақсатында азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және олар бойынша шекті сауда үстемесін анықтау;

      3) осы Қағидаларға сәйкес қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектісін анықтау;

      4) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесін анықтау жөніндегі мамандандырылған ұйымның ұсыныстарын қарау.

      8. Комиссияның құрылуы мен жұмысын ұйымдастыруды Қарағанды облысының әкімдігі қамтамасыз етеді (бұдан әрі - облыс әкімдігі).

      9. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін облыс әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шарт жасасу жолымен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады.

      10. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейінгі үш жылдық кезеңге облыс әкімдігі мамандандырылған ұйыммен тұрақтандыру қорының заттай және ақшалай мәндегі өтпелі активтері туралы міндеттемелері көрсетілген қосымша келісім жасасады.

      Тұрақтандыру қоры таратылған жағдайда, мамандандырылған ұйым азық-түлік тауарларын сатып алу үшін пайдаланылған бюджет қаражатының жергілікті бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етеді.

      Егер мамандандырылған ұйымның шешімі бойынша азық-түлік тауарларын өткізу сатып алу бағасынан төмен баға бойынша жүзеге асырылса, онда соманың қайтарылуы сатып алу және өткізу бағаларының айырмасын шегере отырып жүзеге асырылады.

      11. Мамандандырылған ұйымның тұрақтандыру қорын пайдалану кезінде туындаған ұстеме, коммуналдық және өзге де шығыстары азық-түлік тауарларына белгіленген және нарықтық бағалар арасындағы айырма есебінен жыл сайын жабылады.

      12. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың тізбесін Заңның 6-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      13. Облыс әкімдігі мамандандырылған ұйыммен бірлесіп Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы және сауда және интеграция министрліктеріне ұсынады:

      1) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 20-күніне дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерінің іске асырылу барысы туралы ақпаратты;

      2) көкөніс өнімдерінің форвардтық шарттары шеңберінде ауылшартауарынөндірушілерді қаржыландыруға бір ай қалғанда алдын ала төлем сомасын, өткізу нүктелерін және (немесе) сауда объектілерін көрсете отырып, жеткізу кестесін көрсете отырып, сатып алынатын көкөніс өнімдерінің көлемі туралы ақпаратты;

      3) форвардтық шарттар шеңберінде ауылшартауарынөндірушілерді түпкілікті қаржыландырғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде өткізу нүктелерін және (немесе) сауда объектілерін көрсете отырып, сатып алынған көкөніс өнімдерінің көлемі, жеткізу кестелері туралы ақпаратты қамтиды.

2-тарау. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру бойынша тетіктерді іске асыру тәртібі

      14. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының нарығын тұрақтандыру мақсатында облыс әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандырудың:

      1) тұрақтандыру қорларының қызметі;

      2) кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тетіктерін іске асырады.

      15. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қаржыландыру көзі облыс әкімдігі бөлетін, оның ішінде бұрын азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыруға бөлінген ақшалай қаражат болып табылады.

      16. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру шеңберінде көкөніс өнімдерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді, сондай-ақ қарақұмық жармасын (дәні), тазартылған (домалақ дәнді) күрішті, күнбағыс майын, бірінші сортты бидай ұнын және ақ қантты – құмшекерді өндіру үшін қайта өңдеуші кәсіпорындарды қаржыландыру белгіленген бағаны белгілей отырып, форвардты қолданумен жүзеге асырылады.

      Көкөніс өнімдерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді және қарақұмық жармасын (дәні), тазартылған (домалақ дәнді) күрішті, күнбағыс майын, бірінші сортты бидай ұнын және ақ қантты – құмшекерді өндіру үшін өңдеуші кәсіпорындарын қаржыландыру форвардтық шарттың жалпы сомасының 70 (жетпіс) пайызынан аспайтын мөлшерде алдын ала төлем және өнім жеткізілгеннен кейін түпкілікті есеп айырысу шарттарында жүзеге асырылады.

      17. Алып тасталды- Қарағанды облысының әкімдігінің 05.12.2023 № 88/02 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      18. Форвардтық шарттар шеңберінде сатып алынатын көкөніс өнімдерінің көлемі Комиссия шешіміне сәйкес өңірлік сұраныс негізінде облыс халқының (қалалық немесе жалпы) үш айлық қажеттілігінің 50 пайызына дейін қалыптастырылады.

      19. Мамандандырылған ұйым форвардтық шарттар шеңберінде ауылшартауарынөндірушілерді қаржыландыруды жүзеге асырады:

      2023 жылғы 10 қаңтарға дейін 2023 жылғы ерте шығатын көкөніс өнімдерін өндіру және 2023 жылғы көктемгі - жазғы кезеңінде халықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін;

      2023 жылғы 1 ақпанға дейін 2023 жылғы күзгі түсімнің көкөніс өнімдерін өндіру және 2024 жылғы қысқы-көктемгі кезеңінде халықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін;

      2023 жылғы 1 тамызға дейін 2024 жылғы ерте шығатын көкөніс өнімдерін өндіру және 2024 жылғы көктемгі-жазғы кезеңінде халықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін;

      2023 жылғы 1 қыркүйекке дейін 2024 жылғы күзгі түсімнің көкөніс өнімдерін өндіру және 2025 жылғы қысқы-көктемгі кезеңінде халықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін;

      2024 жылдан бастап және одан кейінгі жылдары көкөніс өнімдерін өндіру үшін ауылшартауарынөндірушілерді қаржыландыру мынадай мерзімдерде жүзеге асырылады:

      келесі жылдың көктемгі-жазғы кезеңінде халықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін ағымдағы қаржы жылының 1 тамызына дейін;

      келесі жылдың қысқы-көктемгі кезеңінде халықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегіне дейін.

      20. Мамандандырылған ұйым көкөніс өнімдерін сатуды бастағанға дейін ауылшартауарынөндірушілерде немесе басқа қоймаларда сақтауды жүзеге асырады. Сақтау шығындарын есептеу жергілікті атқарушы органдардың өңірдегі сақтаудың ұқсас түрлеріндегі сақтаудың орташа құны туралы деректері негізінде жүргізіледі.

      21. Белгіленген бағаны бекіте отырып, форвард шеңберінде сатып алынған көкөніс өнімдерін, сондай-ақ қарақұмық жармасын (дәні), тазартылған (домалақ дәнді) күрішті, күнбағыс майын, бірінші сортты бидай ұнын және ақ қантты – құмшекерді жеткізу мамандандырылған ұйым облыстың жергілікті атқарушы органымен бірлесіп бекіткен кесте және белгіленген сату/бөлшек сауда бағалары арқылы, оның ішінде көкөніс өнімдерін маусымаралық кезеңде (қыс-көктем кезеңі: ақпан, наурыз, сәуір; көктемгі-жазғы кезең: мамыр, маусым, шілде) немесе ішкі нарыққа реттеуші әсер ету қажет болған жағдайда басқа кезеңдерде жүзеге асырады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 05.12.2023 № 88/02 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      22. Мамандандырылған ұйым облыс әкімдігімен бірлесіп, форвардтық шарт жасалған сәттен бастап көкөніс өнімдерін өндіру циклінің барлық кезеңдерінде егістікке шыға отырып, ауылшартауарынөндірушілердің қызметіне мониторингті жүзеге асырады.

      23. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктері шеңберінде сатып алынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18 және 19-баптарына сәйкес оны сақтау, тасымалдау және өткізу кезінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес келуге тиіс.

      24. Үлгілік қағидаларымен регламенттелмеген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың ерекшеліктері (егжей-тегжейлері) осы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру осы қағидаларында айқындалады.

3-тарау. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорлары қызметінің тәртібі

      25. Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларының қызметі өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану жолымен жүзеге асырылады.

      26. Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі тетікті іске асыру мақсатында Комиссия сұраныс пен ұсыныстың өңірлік балансының (өндіріс көлемі, азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі, олардың тауарларының жылжытылуы, запастардың болуы), егіс алаңдары (жоспарлы), егіннің болжамды шығымы, өткен күнтізбелік жыл ішінде қалыптасқан бағалар туралы мәліметтердің, сондай-ақ өзге де мәліметтер негізінде азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін, сондай-ақ шекті сауда үстемесін айқындайды.

      27. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру кезінде бюджеттік қаражаттың 70 (жетпіс) пайызы форвардтық шарттар шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарына бағытталады.

      28. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алуға қажетті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 11 мамырдағы № 166-НҚ бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32474 болып тіркелді) тізімнен қалыптастырылады.

      29. Мамандандырылған ұйым өткізетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесі "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 1-тармағына сәйкес, Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес тиісті облыстың, мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының ресми нарықтық мәндерінен 10 немесе одан да көп пайызға төмен бағаларды ұстап тұру ескеріле отырып қалыптастырылады.

      30. Комиссия Қарағанды облысының әкіміне сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және олар бойынша шекті сауда үстемесін бекіту туралы ұсынымдар енгізеді.

      31. Облысы әкімдігі Комиссияның ұсынымы негізінде сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және шекті сауда үстемесін бекітеді.

      32. Өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру кезінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу тікелей өндірушілерден, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіде сақтау мүмкіндігі бар форвардтық шарттар мен офтейк-келісімшарттар жасасу арқылы жүзеге асырылады. Егер өндіруші өнімді өткізуді тікелей жүзеге асырмаған жағдайда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу азық-түлік тауарларын өткізуге маманданған көтерме жеткізушілерден (дистрибьютерлерден) жүзеге асырылады.

      33. Мамандандырылған ұйым статистикалық деректер және басқа да көздер негізінде өңірдің азық-түлік тауарларының ішкі нарығына және агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің нарықтарына тұрақты негізде талдау (өндіріс көлемі және азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі, олардың тауарларының жылжытылуы, запастардың, бағалардың болуы) жүргізеді, өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының көлемін айқындайды және сатып алу интернвенциялары туралы шешімді қабылдайды.

      34. Мамандандырылған ұйымның сатып алу интервенциялары туралы шешімі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру тетіктерін тиімді және уақтылы қолдануды қамтамасыз ету мақсатында қабылданады.

      35. Өңірлік тұрақтандыру қорын пайдалануды тауар интервенцияларын жүргізу және азық-түлік тауарларын жаңарту жолымен мамандандырылған ұйым жүзеге асырады.

      36. Мамандандырылған ұйым аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік ықпал ету қажет баға деңгейінің көтерілуі жағдайында, 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей, тауар интервенцияларын жүргізу туралы шешім қабылдайды.

      37. Мамандандырылған ұйым өңірлік тұрақтандыру қорын уақтылы жаңарту мақсатында тұрақты негізде өңірлік тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларының сақталу мерзімдерін қамтамасыз етеді.

      38. Өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін өңірлік тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларын өткізу немесе кейін дәл сондай көлемдегі жаңа сақталу мерзімімен немесе келесі жылғы жаңа шығымнан азық-түлік тауарларын жеткізе отырып, азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін азық түлік тауарларын қайтару жолымен жүзеге асырылады.

      39. Өңірлік тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларын тауар интервенциялары, азық-түлік тауарларын жаңарту үшін мамандандырылған ұйымдар өздердерінің өткізу нүктелері және (немесе) азық-түлік тауарларын өткізетін сауда объектілері арқылы, сондай-ақ өңдеу кәсіпорындары шекті сауда үстемесі шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру үшін өткізуді жүзеге асырады.

      40. Бұл ретте өңдеу кәсіпорны өндірген дайын азық-түлік тауарының бағасы облыс әкімдігімен бекіткен шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағасынан аспайды және мамандандырылған ұйымның өңдеу кәсіпорнымен жасасқан өткізу туралы шартында айтылады.

      41. Облыс әкімдігі мамандандырылған ұйыммен бірлесіп халыққа бұқаралық ақпарат құралдары, облыс әкімдігінің және мамандандырылған ұйымның ресми сайттары арқылы тауар интервенцияларын жүзеге асыратын сауда объектілерінің орналасқан жері туралы ақпаратты жеткізу бойынша ақпараттық жұмыс жүргізеді.

4-тарау. Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тәртібі

      42. Облыс әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында мамандандырылған ұйымдар арқылы кәсіпкерлік субъектілеріне сұраныс пен ұсыныстың өңірлік балансының (өндіріс көлемі, азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі, олардың тауарларының жылжытылуы, запастардың болуы), егіс алаңдары (жоспарлы), егіннің болжамды шығымы, өткен күнтізбелік жыл ішінде қалыптасқан бағалар туралы мәліметтердің, сондай-ақ өзге де мәліметтер негізінде Комиссия айқындайтын азық-түлік тауарларының тізбесіне сәйкес қарыз береді. Қарыз беру қарыз шартын жасасу жолымен қайтарымдылық, қамтамасыз ету және ақылық талаптарының шарттарымен жүзеге асырылады.

      43. Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру кезінде бюджеттік қаражаттың 70 (жетпіс) пайызы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарына бағытталады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігіндегі талаптарды орындау үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарынан өтінімдер болмаған кезде, қарыз азық-түлік тауарларын өткізуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне беріледі.

      44. Бағаларды тұрақтандыру мамандандырылған ұйымның әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген төмендетілген бөлшек/көтерме бағаларды белгілеу жолымен қамтамасыз етіледі.

      45. Комиссия қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектісін кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын мынадай талаптарға (өлшемшарттарға) сәйкес айқындайды:

      жұмыс істеп тұрған сауда объектісінің (объектілерінің) меншігінде не жалдау құқығында (қарыз беру кезеңіне қолданылу мерзімімен) немесе жұмыс істеп тұрған бөлшек сауда субъектісімен өнімді жеткізу шартының (шарттарының) (қарыз беру кезеңіне қолданылу мерзімімен) болуы;

      мамандандырылған ұйымның қарызын қайтару бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету: кепіл, банк кепілдігі, сақтандыру шарты түрінде беріледі. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету заңнамада көзделген жазбаша нысанда ресімделеді.

      46. Кәсіпкерлік субъектілерінен өтінімдерді қабылдауды мамандандырылған ұйым жүзеге асырады және Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексергеннен кейін Комиссияның отырысына шығару үшін облыс әкімдігіне жібереді.

      47. Комиссияның хаттамасында әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарларының тізбесі, бөлшек сауда субъектілері үшін – олар бойынша тіркелген бөлшек сауда бағалары, өндірушілер үшін-босату бағалары, қарыз сомасы және кәсіпкерлік субъектісі көрсетіледі.

      48. Қарыз беру шарттары мамандандырылған ұйым мен кәсіпкерлік субъектісі арасында жасалатын қарыз шартында белгіленеді.

      49. Қарыз мерзімі өткен берешекті қайта қаржыландыруға берілмейді.

      50. Қарыз тек ұлттық валютада беріледі.

Об утверждении Правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары по Карагандинской области

Постановление акимата Карагандинской области от 4 сентября 2019 года № 52/01. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 5 сентября 2019 года № 5452.

      В соответствии с законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 июля 2019 года № 280 "Об утверждении Типовых правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 19123) акимат Карагандинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары по Карагандинской области.

      2. Государственному учреждению "Управление сельского хозяйства Карагандинской области", акционерному обществу "Социально-предпринимательская корпорация "Сарыарка" принять меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима области.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Карагандинской области Е. Кошанов

  Утверждены
постановлением акимата
Карагандинской области
от "4" сентября 2019 года
№ 52/01

Правила реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары по Карагандинской области

      Сноска. Правила – в редакции постановления акимата Карагандинской области от 18.07.2023 № 48/02 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары по Карагандинской области (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", Приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 июля 2019 года №280 "Об утверждении Типовых правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 19123) (далее – Типовые правила) и определяют порядок реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) региональный стабилизационный фонд продовольственных товаров – оперативный запас продовольственных товаров, созданный для оказания регулирующего воздействия на агропродовольственный рынок и обеспечения продовольственной безопасности на территории Карагандинской области;

      2) освежение регионального стабилизационного фонда продовольственных товаров - реализация продовольственных товаров до истечения сроков их хранения или возврат продовольственных товаров до истечения сроков их хранения поставщику с последующей поставкой такого же объема продовольственных товаров с новым сроком хранения или с нового урожая следующего года;

      3) формирование регионального стабилизационного фонда продовольственных товаров – закупочные интервенции, размещение и хранение продовольственных товаров в региональном стабилизационном фонде продовольственных товаров;

      4) использование регионального стабилизационного фонда продовольственных товаров – реализация продовольственных товаров из регионального стабилизационного фонда продовольственных товаров с целью проведения товарных интервенций и освежения регионального стабилизационного фонда продовольственных товаров;

      5) сельскохозяйственный товаропроизводитель (далее сельхозтоваропроизводитель) - физическое или юридическое лицо, занимающееся производством сельскохозяйственной продукции;

      6) закупочные интервенции – мероприятия по приобретению специализированными организациями социально значимых продовольственных товаров при снижении цен на территории областей, городов республиканского значения, столицы, введении чрезвычайного положения на территории Республики Казахстан, а также в рамках поручений Президента Республики Казахстан, Правительства Республики Казахстан или Премьер-Министра Республики Казахстан;

      7) товарные интервенции – мероприятия по реализации продовольственных товаров на внутреннем рынке из региональных стабилизационных фондов продовольственных товаров, осуществляемые в целях стабилизации внутреннего рынка при росте цен;

      8) фиксированная цена - фиксированная цена – цена социально значимого продовольственного товара с учетом затрат на производство/закуп, хранение, естественной убыли (усушки), доставки до места назначения, а также маржинального дохода от себестоимости продукции;

      9) форвард - производственный финансовый инструмент, покупатель (или продавец) которого берет на себя обязательство по истечении определенного срока купить (или продать) базовый актив на согласованных условиях в будущем.

      10) предельная торговая надбавка - торговая надбавка, формируемая для определения цены при реализации субъектами внутренней торговли продовольственных товаров конечным потребителям;

      3. Механизмы стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары реализуются в соответствии с настоящими Правилами.

      4. В целях обеспечения эффективного и своевременного применения механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары аким области образует Комиссию по обеспечению реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары (далее – Комиссия) и утверждает ее состав.

      5. Председателем Комиссии является заместитель акима области, членами Комиссии являются сотрудники управлений (отделов) предпринимательства, торговли и сельского хозяйства, а также представители объединений субъектов частного предпринимательства и общественных организаций. Комиссия осуществляет свою деятельность на постоянной основе.

      6. Количественный состав Комиссии должен быть нечетным и составлять не менее девяти человек. При этом две трети членов Комиссии должны являться представителями объединений субъектов частного предпринимательства и общественных организаций. Секретарь Комиссии не является ее членом.

      7. К компетенции Комиссии относятся:

      1) принятие решения о реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары в Карагандинской области;

      2) определение перечня продовольственных товаров, закупаемых в стабилизационный фонд продовольственных товаров и предельной торговой надбавки по ним в целях реализации механизма по формированию и использованию стабилизационных фондов продовольственных товаров;

      3) определение субъекта предпринимательства для выдачи займа в соответствии с настоящими Правилами;

      4) рассмотрение предложений специализированной организации по определению предельной торговой надбавки на социально значимые продовольственные товары.

      8. Образование и организацию работы Комиссии обеспечивает акимат Карагандинской области (далее - акимат области).

      9. Для реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары акимат области осуществляется закуп услуг у специализированных организаций, реализующих механизмы стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары, за исключением мер по установлению предельных цен на социально значимые продовольственные товары, путем заключения договора о реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары.

      10. До истечения срока действия договора о реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары на трехлетний период акимат области заключает со специализированной организацией дополнительное соглашение с указанием обязательств о переходящих активах стабилизационного фонда в натуральном и денежном выражении.

      В случае упразднения стабилизационного фонда, специализированная организация обеспечивает возврат бюджетных средств, использованных для закупа продовольственных товаров в местный бюджет.

      Если по решению специализированной организации реализация продовольственных товаров осуществлена по ценам ниже закупочных, то возврат суммы осуществляется за минусом разницы цены закупа и реализации.

      11. Накладные, коммунальные и прочие расходы специализированной организации, возникшие при использовании стабилизационного фонда, ежегодно покрываются за счет разницы между фиксированной и рыночной ценами на продовольственные товары.

      12. Перечень специализированных организаций, реализующих механизмы стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары, за исключением мер по установлению предельных цен на социально значимые продовольственные товары, утверждается уполномоченным органом в области развития агропромышленного комплекса в соответствии с подпунктом 4-1) пункта 1 статьи 6 Закона.

      13. Акимат области совместно с специализированной организацией представляют в министерства сельского хозяйства и торговли и интеграции Республики Казахстан:

      1) ежемесячно до 20 числа месяца, следующего за отчетным месяцем, информацию о ходе реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары;

      2) информацию о приобретаемых объемах овощной продукции с указанием суммы предварительной оплаты, графика поставок с указанием точек сбыта и (или) торговых объектов за месяц до финансирования сельхозтоваропроизводителей в рамках форвардных договоров овощной продукции;

      3) информацию о приобретенных объемах овощной продукции, графиках поставок с указанием точек сбыта и (или) торговых объектов в течение 10 (десяти) рабочих дней после окончательного финансирования сельхозтоваропроизводителей в рамках форвардных договоров.

Глава 2. Порядок реализации механизмов по стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары

      14. В целях стабилизации рынка социально значимых продовольственных товаров акимат области реализует следующие механизмы стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары:

      1) деятельность стабилизационных фондов;

      2) предоставление займа субъектам предпринимательства.

      15. Источником финансирования реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары являются денежные средства, выделяемые акиматом области, в том числе, выделенные ранее на формирование регионального стабилизационного фонда продовольственных товаров.

      16. В рамках формирования регионального стабилизационного фонда продовольственных товаров финансирование сельхозтоваропроизводителей для производства овощной продукции, а также перерабатывающих предприятий для производства крупы гречневой (ядрицы), риса шлифованного (круглозерного), масла подсолнечного, муки пшеничной первого сорта и сахара белого – сахара песка осуществляется с применением форварда с установлением фиксированной цены.

      Финансирование сельхозтоваропроизводителей для производства овощной продукции и перерабатывающих предприятий для производства крупы гречневой (ядрицы), рис шлифованного (круглозерного), масла подсолнечного, муки пшеничной первого сорта и сахара белого – сахара-песка осуществляется на условиях предварительной оплаты в размере не более 70 (семидесяти) процентов от общей суммы форвардного договора и окончательного расчета после поставки продукции.

      17. Исключен постановлением акимата Карагандинской области от 05.12.2023 № 88/02 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      18. Объем овощной продукции, приобретаемой в рамках форвардных договоров, формируется до 50 процентов от трехмесячной потребности населения (городского или общего) области на основе регионального спроса в соответствии с решением Комиссии.

      19. Специализированная организация осуществляет финансирование сельхозтоваропроизводителей в рамках форвардных договоров:

      до 10 января 2023 года для производства овощной продукции раннего урожая 2023 года и обеспечения населения овощной продукцией в весенне-летний период 2023 года;

      до 1 февраля 2023 года для производства овощной продукции осеннего урожая 2023 года и обеспечения населения овощной продукцией в зимне-весенний период 2024 года;

      до 1 августа 2023 года для производства овощной продукции раннего урожая 2024 года и обеспечения населения овощной продукцией в весенне-летний период 2024 года;

      до 1 сентября 2023 года для производства овощной продукции осеннего урожая 2024 года и обеспечения населения овощной продукцией в зимне-весенний период 2025 года.

      С 2024 года и последующие годы финансирование сельхозтоваропроизводителей для производства овощной продукции осуществляется в следующие сроки:

      до 1 августа текущего финансового года для обеспечения населения овощной продукцией в весенне-летний период следующего года;

      до 1 сентября текущего финансового года для обеспечения населения овощной продукцией в зимне-весенний период следующего года.

      20. Специализированной организацией осуществляется хранение овощной продукции до начала реализации у сельхозтоваропроизводителей или на других складах. Расчет затрат на хранение производится на основе данных местных исполнительных органов о средней стоимости хранения в регионе в аналогичных типах хранения.

      21. Поставка овощной продукции, а также крупы гречневой (ядрицы), риса шлифованного (круглозерного), масла подсолнечного, муки пшеничной первого сорта и сахара белого – сахара песка, закупленных в рамках форварда с установлением фиксированной цены, осуществляется на основании графика и фиксированных отпускных/розничных цен, утвержденных специализированной организацией совместно с местным исполнительным органом области, в том числе овощной продукции в период межсезонья (зимне-весенний период: февраль, март, апрель; весенне-летний период: май, июнь, июль), либо в другие периоды в случае необходимости оказания регулирующего воздействия на внутренний рынок.

      Сноска. Пункт 21 – в редакции постановления акимата Карагандинской области от 05.12.2023 № 88/02 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      22. Специализированная организация совместно с акиматом области осуществляют мониторинг деятельности сельхозтоваропроизводителей с выездом на поле, на всех этапах цикла производства овощной продукции с момента заключения форвардного договора.

      23. Социально значимые продовольственные товары, приобретаемые в рамках механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары, должны соответствовать требованиям к безопасности пищевой продукции при ее хранении, транспортировке и реализации согласно статьям 18 и 19 Закона Республики Казахстан "О безопасности пищевой продукции".

      24. Особенности (детали) реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары, не регламентированные Типовыми правилами, определяются настоящими Правилами реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары.

Глава 3. Порядок деятельности региональных стабилизационных фондов продовольственных товаров

      25. Деятельность стабилизационных фондов продовольственных товаров осуществляется путем формирования и использования регионального стабилизационного фонда.

      26. В целях реализации механизма по формированию и использованию регионального стабилизационного фонда продовольственных товаров Комиссия определяет перечень социально значимых продовольственных товаров, закупаемых в региональный стабилизационный фонд продовольственных товаров на основе регионального баланса спроса и предложения (объемы производства и обеспеченность продовольственными товарами, их товародвижение, наличие запасов), сведений о посевных площадях (плановых), прогнозном урожае, сложившихся ценах за прошедший календарный год, иных сведений, а также предельную торговую надбавку.

      27. При формировании региональных стабилизационных фондов продовольственных товаров 70 (семьдесят) процентов бюджетных средств направляются на финансирование сельхозтоваропроизводителей и перерабатывающих предприятий в рамках форвардных договоров.

      28. Перечень социально значимых продовольственных товаров, необходимых для закупа в региональный стабилизационный фонд продовольственных товаров формируется из перечня социально значимых продовольственных товаров, утвержденного приказом заместителя Премьер-Министра - Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 11 мая 2023 года № 166-НҚ (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №32474).

      29. Предельная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары, реализуемые специализированной организацией, формируется с учетом удержания цен на 10 или более процентов ниже официальных рыночных значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары, формируемые органами государственной статистики соответствующей области согласно Плану статистических работ в соответствии с пунктом 1 статьи 19 Закона Республики Казахстан "О государственной статистике".

      30. Комиссия вносит акиму Карагандинской области рекомендации об утверждении перечня закупаемых продовольственных товаров и предельной торговой надбавки по ним.

      31. Акимат области на основании рекомендации Комиссии утверждает перечень закупаемых продовольственных товаров и предельную торговую надбавку.

      32. При формировании регионального стабилизационного фонда приобретение социально значимых продовольственных товаров осуществляется непосредственно у производителей, в том числе путем заключения форвардных договоров и офтейк-контрактов с возможностью хранения у сельхозтоваропроизводителя. В случае, если производителем напрямую не осуществляется реализация продукции, приобретение социально значимых продовольственных товаров осуществляется у оптовых поставщиков (дистрибьютеров), специализирующихся на реализации продовольственных товаров.

      33. Специализированная организация на основе статистических данных и других источников проводит постоянный анализ внутреннего рынка продовольственных товаров региона и рынков продукции агропромышленного комплекса (объемы производства и обеспеченность продовольственными товарами, их товародвижение, наличие запасов, цен), определяет объемы продовольственных товаров, закупаемых в региональный стабилизационный фонд, и принимает решение о закупочных интервенциях.

      34. Решение специализированной организации о закупочных интервенциях принимается в целях обеспечения эффективного и своевременного применения механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары.

      35. Использование регионального стабилизационного фонда осуществляется специализированной организацией путем проведения товарных интервенций и освежения продовольственных товаров.

      36. Специализированная организация принимает решение о проведении товарных интервенций не позднее 2 (двух) рабочих дней в случае повышения уровня цен, при котором необходимо регулирующее воздействие на агропродовольственный рынок.

      37. Специализированная организация в целях своевременного освежения регионального стабилизационного фонда на постоянной основе обеспечивает сроки хранения продовольственных товаров регионального стабилизационного фонда.

      38. Освежение регионального стабилизационного фонда осуществляется до истечения сроков хранения продовольственных товаров, путем реализации продовольственного товара из регионального стабилизационного фонда или возврата продовольственных товаров до истечения сроков их хранения поставщику с последующей поставкой такого же объема продовольственных товаров с новым сроком хранения или с нового урожая следующего года.

      39. Реализация продовольственных товаров регионального стабилизационного фонда для товарных интервенций, освежения продовольственных товаров осуществляется специализированной организацией через собственные точки сбыта и (или) торговые объекты, реализующие продовольственные товары, а также перерабатывающим предприятиям для производства социально значимых продовольственных товаров в пределах предельной торговой надбавки.

      40. При этом, цена готового продовольственного товара, произведенного перерабатывающим предприятием, не превышает его предельно допустимой розничной цены, утвержденной акиматом области, и оговаривается в договоре о реализации, заключенном специализированной организацией с перерабатывающим предприятием.

      41. Акимат области совместно с специализированной организацией проводят информационную работу по доведению информации до населения через средства массовой информации, официальные сайты акимата и специализированной организации о местонахождении торговых объектов, осуществляющих товарные интервенции, а также о порядке предоставления займа субъектам предпринимательства.

Глава 4. Порядок предоставления займа субъектам предпринимательства

      42. Акимат области в целях стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары через специализированные организации предоставляют займ субъектам предпринимательства в соответствии с перечнем продовольственных товаров, определяемым Комиссией на основе регионального баланса спроса и предложения (объемы производства и обеспеченность продовольственными товарами, их товародвижение, наличие запасов), сведений о посевных площадях (плановых), прогнозном урожае, сложившихся ценах за прошедший календарный год, иных сведений. Предоставление займа осуществляется на условиях возвратности, обеспеченности и платности путем заключения договора займа.

      43. При предоставлении займа субъектам предпринимательства 70 (семьдесят) процентов бюджетных средств направляются на финансирование сельхозтоваропроизводителей и перерабатывающих предприятий.

      При отсутствии заявок от сельхозтоваропроизводителей и перерабатывающих предприятий для исполнения требований части первой настоящего пункта, займ предоставляется субъектам предпринимательства, осуществляющим реализацию продовольственных товаров.

      44. Стабилизация цен обеспечивается путем установления специализированной организацией фиксированных сниженных розничных/оптовых цен на социально значимые продовольственные товары.

      45. Субъект предпринимательства для выдачи займа определяется Комиссией в соответствии с следующими требованиями (критериями) к субъектам предпринимательства:

      наличие в собственности либо на правах аренды (со сроком действия на период предоставления займа) действующего торгового объекта (объектов) или договора (договоров) поставки продукции с действующим субъектом розничной торговли (со сроком действия на период предоставления займа);

      обеспечение исполнения обязательств по возврату займа специализированной организации. Обеспечение исполнения обязательств предоставляется в виде: залога, банковской гарантии, договора страхования. Обеспечение исполнения обязательств оформляется в письменной форме.

      46. Прием заявок у субъектов предпринимательства осуществляет специализированная организация и после проверки на соответствие требованиям Правил направляет в акимат области для вынесения на заседание Комиссии.

      47. В протоколе Комиссии указываются перечень социально значимых продовольственных товаров, для субъектов розничной торговли - фиксированные розничные цены по ним, для производителей – отпускные цены, сумма займа и субъект предпринимательства.

      48. Условия предоставления займа устанавливаются договором займа, заключаемого между специализированной организацией и субъектом предпринимательства.

      49. Займ не предоставляется на рефинансирование просроченной задолженности.

      50. Займ предоставляется только в национальной валюте.