Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 767 "Аумақты аймақтарға бөлу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6027 болып тіркелген), Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 шілдедегі №154 "Қарқаралы ауданы әкімдігінің қаулысының күшін жою туралы" қаулысына, Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 тамыздағы № 36/01 "Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы" қаулысына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 48/05 "Қарағанды облысының Ақтоғай және Қарқаралы аудандарының аумағын аймақтарға бөлу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3913 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 шілдеде № 98-99 (22043-22044) "Индустриальная Караганда", № 120 (22225) "Орталық Қазақстан" газеттерінде, 2016 жылғы 28 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Ж. Қасымбек |