Қарағанды облысының Ақтоғай және Қарқаралы аудандарының аумағын аймақтарға бөлу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 48/05 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 шілдеде № 3913 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 61/07 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 31.10.2019 № 61/07 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына, "Аумақты аймақтарға бөлу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 767 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 6027) бұйрығына сәйкес, "Бақты ауылдық округінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 119 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3779) қаулысының, "Ортадересін ауылдық окрігінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 3 маусымдағы № 23/01 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3849) қаулысының, Қарағанды облысы бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2016 жылғы 24 маусымдағы № 02-06/598 хатының негізінде, пастереллездің енуінің және таралуының алдын алу мақсатында Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1.Қарқаралы ауданының аумақтарын мынадай аймақтарға бөлу жүзеге асырылсын:

      1) қолайлы аймаққа кіретін аумақтар, Бақты ауылынан ауру тіркелген ошақтан 30 шақырымнан 170 шақырым радиуста:Темірші ауылдық округі, Қайнарбұлақ ауылдық округі, Нұркен ауылдық округі, Жаңатоған ауылдық округі, Бесоба ауылдық округі, Ынталы ауылдық округі, Тегісшілдік ауылдық округі, Угар ауылдық округі, Ақжол ауылдық округі, Қоянды ауылдық округі, Қаршығалы ауылдық округі, Балқантау ауылдық округі, Арқалық ауылдық округі, Шарықты ауылдық округі, Абай ауылдық округі, Нұрмақов ауылдық округі, Мәди ауылдық округтері, Қарағайлы кенті мен Қарқаралы қаласы;

      2) бақылау аймағына кіретін аумақтар, Бақты ауылынан ауру тіркелген ошақтан 20 шақырымнан 30 шақырым радиуста: Томар ауылдық округі, Қырғыз ауылдық округі, Қ.Аманжолов ауылдық округі, Егіндібұлақ ауылдық округі, Қаракөл ауылдық округі;

      3) буферлік аймаққа кіретін аумақтар, Бақты ауылынан ауру тіркелген ошақтан 13 шақырымнан 20 шақырым радиуста: Шолаққайың ауылы, Абыз ауылы;

      4) қолайсыз аймаққа кіретін аумақ, ауру тіркелген ошақтан 13 шақырым радиуста - Бақты ауылы.

      2. Ақтоғай ауданының аумақтарын мынадай аймақтарға бөлу жүзеге асырылсын:

      1) қолайлы аймаққа кіретін аумақтар, Ортадересін ауылынан ауру тіркелген ошақтан 110 шақырымнан 260 шақырым радиуста: Сарытерек ауылдық округі, Қараменде би ауылдық округі, Нүркен ауылдық округі, Шабанбай би ауылдық округі, Жидебай ауылдық округі, Қызыларай ауылдық округі, Кежек ауылдық округі, Айыртас ауылдық округі, Абай ауылдық округі, Қусақ ауылдық округі, Қарабұлақ ауылдық округі, Тасарал ауылдық округі, Сарышаған кенті, Тораңғылық ауылдық округі және Ақтоғай ауылы;

      2) бақылау аймағына кіретін аумақтар, ауру тіркелген ошақтан 58 шақырымнан 110 шақырым радиуста:Бектауата ауылы, Қаработа ауылы;

      3) буферлік аймаққа кіретін аумақтар, ауру тіркелген ошақтан 35 шақырымнан 58 шақырым радиуста: Шашубай кенті, Ақөлең ауылы, Ақжайдақ ауылы, Ортадересін стансасы;

      4) қолайсыз аймаққа кіретін аумақтар, ауру тіркелген ошақтан 35 шақырым радиуста –Ортадересін ауылы.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Н. Әбдібеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарағанды
облыстық аумақтық инспекциясының басшысы,
Қарағанды облысының бас-мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық инспекторы
_______________ М. Мұхтаров

      "29" маусымдағы 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады