Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған LIX сессиясының 2011 жылғы 12 желтоқсандағы "Қарағанды қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына ай сайынғы әлеуметік көмек көрсету туралы" № 611 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-1-146 тіркелген, 2011 жылғы 30 желтоқсанда № 154 (906) "Взгляд на события" газетінде жарияланған) шешімі;
2) Қарағанды қалалық мәслихатының V шақырылған II сессиясының 2012 жылғы 16 сәуірдегі "Қарағанды қалалық мәслихатының шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 31 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-1-155 тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырдағы № 064 (970) "Взгляд на события" газетінде жарияланған) шешімі.
2. Қарағанды қалалық мәслихатының V шақырылған I сессиясының 2012 жылғы 24 қаңтардағы "IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының LIX сессиясының 2011 жылғы 12 желтоқсандағы "Қарағанды қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына ай сайынғы әлеуметік көмек көрсету туралы" № 611 шешімінің 1 тармағы 2) тармақшасының қолданысын уақытша тоқтату туралы" № 17 шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ж. Мұхтаров |
Қалалық мәслихат хатшысы | Қ. Бексұлтанов |