IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының LIX сессиясының 2011 жылғы 12 желтоқсандағы "Қарағанды қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына ай сайынғы әлеуметік көмек көрсету туралы" N 611 шешімінің 1 тармағы 2) тармақшасының қолданысын уақытша тоқтату туралы

Күшін жойған

Қарағанды қалалық мәслихатының V шақырылған I сессиясының 2012 жылғы 24 қаңтардағы N 17 шешімі. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 мамырдағы № 409 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 15.05.2019 № 409 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40 бабына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының LIX сессиясының 2011 жылғы 12 желтоқсандағы "Қарағанды қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 611 шешімінің 1 тармағы 2) тармақшасының қолданысы 2012 жылғы 1 наурызға дейін уақытша тоқтатылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрағасы Жанділ Ахуанұлы Мұхтаров) жүктелсін.

      3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 қаңтарынан пайда болған қатынастарға қолданылады.

V шақырылған Қарағанды


қалалық мәслихаттың


I сессиясының төрағасы

Г. Ивченко

Қарағанды қалалық


мәслихатының хатшысы

Қ. Оспанов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады