Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 15.05.2019 № 409 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды қалалық мәслихатының келесi шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
1) күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 21.06.2017 № 171 (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен;2) ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының LІХ сессиясының 2011 жылғы 12 желтоқсандағы "Қарағанды қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 611 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген N 8-1-146, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы N 154 (906) "Взгляд на события" газетінде жарияланған):
шешімнің 1 тармағы 1) тармақшасы мемлекеттік тілде жаңа редакцияда жазылсын, шешімнің орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалсын:
"1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, сонымен қатар зейнетақының ең төменгі мөлшерін және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға;".
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды қалалық мәслихатының 21.06.2017 № 171 (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтiк саланы дамыту және халықты әлеуметтiк қорғау бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсiн (төрағасы Мұқтаров Жанділ Ахуанұлы).
3. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
V шақырылған Қарағанды | |
қалалық мәслихатының кезектен | |
тыс ІІ сессиясының төрайымы | Л. Айтмағамбетова |
Қарағанды қалалық | |
мәслихатының хатшысы | Қ. Оспанов |
Келісілді: | |
"Қарағанды қаласының жұмыспен | |
қамту және әлеуметтік бағдарламалар | |
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы | Ж. Ысқақов |
16.04.2012 ж.