Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Заңының 13 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 65 бабының 3 тармағына сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 19/15 және Қарағанды қалалық мәслихатының 2017 жылғы 10 мамырдағы № 149 бірлескен қаулысы және шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4262 болып тіркелген, 2017 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде, 2017 жылғы 1 маусымдағы № 68 (1798) "Взгляд на события" газетінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
1 тармағы келесі мазмұндағы 1-3) тармақшасымен толықтырылсын:
"1-3) жетім – балалар, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, дамуындағы мүмкіндіктері шектеулі болатын балалар, мүгедек балалар, көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, ата – анасының бірінен айырылған балалар, жалғыз басты аналардың балалары арасынан күндізгі оқу нысанындағы барлық білім беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілеріне – тегін жолақы;".
2. Осы бірлескен шешім мен қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласының еңбек және әлеуметтік сала жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы Жанділ Ахуанұлы Мұхтаров) және Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Ирина Юрьевна Любарскаяға жүктелсін.
3. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды қаласының әкімі | Н. Әубәкіров |
Сессия төрағасы | Ж. Мухтаров |
Қарағанды қалалық мәслихат хатшысы |
Қ. Бексұлтанов |