"Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 19/15 және Қарағанды қалалық мәслихатының 2017 жылғы 10 мамырдағы № 149 бірлескен қаулысы және шешіміне толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 16 мамырдағы № 25/01 бірлескен қаулысы және Қарағанды қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 мамырдағы № 408 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 21 мамырда № 5353 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Заңының 13 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 65 бабының 3 тармағына сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. "Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 19/15 және Қарағанды қалалық мәслихатының 2017 жылғы 10 мамырдағы № 149 бірлескен қаулысы және шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4262 болып тіркелген, 2017 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде, 2017 жылғы 1 маусымдағы № 68 (1798) "Взгляд на события" газетінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:

      1 тармағы келесі мазмұндағы 1-3) тармақшасымен толықтырылсын:

      "1-3) жетім – балалар, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, дамуындағы мүмкіндіктері шектеулі болатын балалар, мүгедек балалар, көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, ата – анасының бірінен айырылған балалар, жалғыз басты аналардың балалары арасынан күндізгі оқу нысанындағы барлық білім беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілеріне – тегін жолақы;".

      2. Осы бірлескен шешім мен қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласының еңбек және әлеуметтік сала жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы Жанділ Ахуанұлы Мұхтаров) және Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Ирина Юрьевна Любарскаяға жүктелсін.

      3. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды қаласының әкімі Н. Әубәкіров
      Сессия төрағасы Ж. Мухтаров
      Қарағанды қалалық
мәслихат хатшысы
Қ. Бексұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады