Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Теміртау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 12 қаңтардағы № 2/2 "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны және бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді орындайтын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4120 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 27 қаңтарда, 2017 жылғы 9 ақпандағы № 2 (16) "Стальная гвардия" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Ғалымжан Оспанұлы Спабековке жүктелсін.
3. Осы қаулы 2019 жылдың 1 наурызынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Ғ. Әшімов |