Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны және бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді орындайтын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 12 қаңтардағы № 2/2 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 18 қаңтарда № 4120 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 11/3 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 07.03.2019 № 11/3 (01.03.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражаттарын ұтымды және тиімді жұмсау мақсатында Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Теміртау қаласы бойынша тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болып "Теміртау қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі айқындалсын.

      2. Бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді орындайтын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      3. Тапсырыс берушілер, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге қажетті құжаттардың ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ғ. Әшімов

  Теміртау қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 12 қаңтардағы
№ 2/2 қаулысына
қосымша

Бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді орындайтын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі


р/с

Мемлекеттік сатып алудың атауы

1

Бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде объектілер салу және реконструкциялау кезінде тапсырыс беруші атынан техникалық қадағалау жүргізу бойынша инжирингтік қызметтерді көрсету

2

Автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу кезінде тапсырыс беруші атынан техникалық қадағалау жүргізу бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету

3

Бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде жаңа объектілер салу немесе салынғанын күрделі жөндеу және реконструкциялау

4

Бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу

5

Бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде объектілер салуға және реконструкциялауға жобалық-сметалық құжаттама жасау не бар жобалық-сметалық құжаттаманы түзету

6

Автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама жасау не бар жобалық-сметалық құжаттаманы түзету


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады