Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 27.06.2023 № 39 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі № 726 қаулысына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" Саран қалалық мәслихатының 2014 жылғы 22 мамырдағы № 337 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2655 болып тіркелді, "Әділет"ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылы 11 маусымда жарияланды, 2014 жылы 13 маусымдағы № 24 "Саран газеті" газетінде жарияланды) келесі өзгерту енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібінде 1- тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасарына және Саран қалалық мәслихатының азаматтардың құқықтарын қорғау заңдылықтары және әлеуметтік саланы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ю. Лютов |
Мәслихат хатшысы | Ө. Баймағанбетов |