Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2014 жылғы 22 мамырдағы 32 сессиясының № 337 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 5 маусымда № 2655 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 39 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 27.06.2023 № 39 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық - педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдарына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) тәртібі айқындалсын.

      2. Екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын әлеуметтік көмек төлемі айқындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Саран қалалық мәслихатының әлеуметтік саланы дамыту және азаматтардың құқығын қорғау заңдылығының мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 сәуірде туындаған қатынастарға таратылады.

Сессия төрағасы

В. Закамолкин

Мәслихат хатшысы

Р. Бекбанов


  Саран қалалық мәслихатының
2014 жылғы 22 мамырдағы
№ 337 шешімімен бекітілген

Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту
жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын
өндіріп алу туралы тәртібі
1. Жалпы ережелер

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) ата – аналар немесе басқа да заңды өкілдер (бұдан әрі – алушы) өтінішті келесідей құжаттар ұсынумен "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне береді:

      1) алушының жеке басын куәландыратын құжат;

      2) Алынып тасталды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 29.11.2019 № 461 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;

      3) психологиялық – медициналық - педагогикалық кеңес қорытындысы;

      4) мүгедектігі туралы анықтама;

      5) банк шотының болуы туралы құжат;

      6) мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы.

      Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 29.11.2019 № 461 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Әлеуметтік көмек, өтініш берілген айдан бастап, психологиялық – медициналық - педагогикалық кеңес қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанша тағайындалады.

2. Әлеуметтік көмек төлеу

      3. Әлеуметтік көмекті төлеуді тоқтатуға негіздер болады:

      1) мүгедектер қатарындағы кемтар баланың он сегіз жасқа толуы;

      2) мүгедектер қатарындағы кемтар баланың жалпы білім беру мекемелерінде оқуы;

      3) мүгедектер қатарындағы кемтар баланы толық мемлекеттік қамсыздандыру үшін әлеуметтік медициналық мекемеге орналастыру;

      4) әлеуметтік көмектің заңсыз тағайындалуына әкелетін алушының жалған мәлімет беруі;

      5) Саран қаласының және Ақтас кенті шегінен тұрғылықты жерге кету;

      6) мүгедектер қатарындағы кемтар баланың қайтыс болуы;

      7) психологиялық – медициналық - педагогикалық кеңес қорытындысы мерзімінің аяқталуы.

      4. Төлемді тоқтатуға негіз болып табылатын жағдайлар басталғаннан кейінгі айдан бастап әлеуметтік көмек төлемі тоқтатылады.

      5. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да тәртіпте қайтаруға жатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады