Саран қаласы мен Ақтас кентінде жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 39 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 29 маусымда № 6446-09 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 20.12.2024 № 170 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 28.09.2023 № 65 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Саран қаласы мен Ақтас кентінде жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 20.12.2024 № 170 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" Саран қалалық мәслихатының 2014 жылғы 22 мамырдағы № 337 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2655 болып тіркелді) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" Саран қалалық мәслихатының 2014 жылғы 22 мамырдағы № 337 шешіміне өзгерту енгізу туралы" Саран қалалық мәслихатының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 461 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5554 болып тіркелді) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Саран қалалық мәслихатының төрағасы О. Баймаганбетов

  Саран қалалық мәслихатының
2023 жылғы 27 маусымдағы
№ 39 шешіміне қосымша

Саран қаласы мен Ақтас кентінде жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 20.12.2024 № 170 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Саран қаласы мен Ақтас кентінде жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген, "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидасына сәйкес әзірленді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) (бұдан әрі-шығындарды өтеу Қағидалары).

      2. Жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу (бұдан әрі – оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу) "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан алынған анықтама негізінде жүргізіледі.

      3. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу (толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі мүгедектігі бар балалардан және ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан, мүгедектігі бар балалардың ата-аналарының біріне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

      4. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

      5. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алуды тоқтату келесі мән-жайларда пайда болады: мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланы мемлекеттік мекемелерде оқыту кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы, Саран қаласы мен Ақтас кентінің шегінен тыс жерге тұрақты тұруға көшуі.

      Мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі немесе өзге де заңды өкілдері жоғарыда аталған мән-жайлардың басталғаны туралы "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемені дереу хабардар етсін.

      6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу мөлшері мүгедектігі бар әрбір балаға тоқсан сайын он айлық есептік көрсеткішке тең.

      7. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі шығындарды өтеу Қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады, бұл ретте қандастар жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжаттың орнына қандас куәлігін ұсынады.

      8. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алудан бас тарту негіздері шығындарды өтеу Қағидаларының 3-қосымшасында көзделген.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады