Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі" Кодексінің 19-1 бабының 1), 2) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 5 "Бұқар жырау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын, сондай-ақ Ботақара кенті, Новоузенка, Доскей, Көкпекті ауылдары мен Қушоқы кенті бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, шығару және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4568 тіркелген, 2018 жылғы 27 қаңтардағы № 4 аудандық "Бұқар жырау жаршысы" газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 24 қаңтарда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген "Бұқар жырау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары" 1 қосымшасында:
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
" | 8 | Емханалар | 1 келіп кету | 0,0055 | "; |
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
" | 9 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 0,78 | "; |
реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
" | 10 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,95 | "; |
реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:
" | 11 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын автоматтарының залы | 1 отыратын орын | 0,220 | "; |
реттік нөмірі 15 және 16-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
" | 15 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | сауда алаңы 1 м2 | 0,98 | "; |
16 | Машиналардан сату | сауда орнының 1 м2 | 0,15 |
реттік нөмірі 17-жол алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б. Жанбырбаев |
Мәслихат хатшысы | А. Әли |