Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 5 "Бұқар жырау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын, сондай-ақ Ботақара кенті, Новоузенка, Доскей, Көкпекті ауылдары мен Қушоқы кенті бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, шығару және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 қыркүйектегі № 10 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 қыркүйекте № 5491 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі" Кодексінің 19-1 бабының 1), 2) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 5 "Бұқар жырау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын, сондай-ақ Ботақара кенті, Новоузенка, Доскей, Көкпекті ауылдары мен Қушоқы кенті бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, шығару және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4568 тіркелген, 2018 жылғы 27 қаңтардағы № 4 аудандық "Бұқар жырау жаршысы" газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 24 қаңтарда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген "Бұқар жырау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары" 1 қосымшасында:

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

"

8

Емханалар

1 келіп кету

0,0055

";

      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

9

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

0,78

";

      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

"

10

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

0,95

";

      реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

11

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын автоматтарының залы

1 отыратын орын

0,220

";

      реттік нөмірі 15 және 16-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"

15

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

сауда алаңы 1 м2

0,98

";

16

Машиналардан сату

сауда орнының 1 м2

0,15

      реттік нөмірі 17-жол алынып тасталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б. Жанбырбаев
      Мәслихат хатшысы А. Әли

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады