Бұқар жырау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын, сондай-ақ Ботақара кенті, Новоузенка, Доскей, Көкпекті ауылдары мен Қушоқы кенті бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, шығару және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы 21 сессиясының № 5 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 қаңтарда № 4568 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі" Кодексінің 19-1 бабының 1), 2) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Бұқар жырау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Бұқар жырау ауданының Ботақара кенті, Новоузенка, Доскей, Көкпекті ауылдары мен Қушоқы кенті бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, шығару және көмуге арналған тарифтері 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б. Жанбырбаев
      Мәслихат хатшысы А. Әли

  Бұқар жырау аудандық
мәслихатының
21 сессиясының 2017 жылғы
28 желтоқсандағы № 5 шешіміне
1 қосымша

Бұқар жырау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары

      Ескерту. 1 қосымшаға өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 19.09.2019 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

1 есептік бірлікке жылдық нормасы, м3

1

Жайлы үйлер

1 тұрғын

1,75

2

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын 

2,1

3

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,27

4

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері

1 орын

0,87

5

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

0,65

6

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,67

7

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,85

8

Емханалар

1 келіп кету

0,0055

9

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

0,78

11

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын автоматтарының залы

1 отыратын орын

0,220

11

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгi клубтар, ойын автоматтарының залы

1 орын

0,220

12

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2

0,0018

13

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

0,04

14

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,03

15

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

сауда алаңы 1 м2

0,98

16

Машиналардан сату

сауда орнының 1 м2

0,15

17

Алынып тасталды - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 19.09.2019 № 10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



18

Базарлар, сауда павильондары, дүңгiршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1м2

0,35

19

Азық-түлiк тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,32

20

Өнеркәсiптiк тауарлардың көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,3

21

Тұрмыстық қызмет көрсету үйi: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1 м2

0,65

22

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,35

23

Жағажайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,60

24

Дәрiханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,38

25

Автотұрақтар, автомобильдi жуу орындары, АЖС, гараждар

1 машина-орыны

0,45

26

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

0,85

27

Гараж кооперативтерi

1 гаражға

0,22

28

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

0,28

29

Кiр жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тiгiн ательесi

Жалпы алаңы 1 м2

0,35

30

Зергерлiк, аяқкиiмдi, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,12

31

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кiлттер жасау және сол сияқтылар)

1 жұмыс орны

0,3

32

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

0,56

33

Ауданның аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар

1000 қатысушы

0,0038

34

Бау-бақша кооперативтерi

1 учаске

0,98





  Бұқар жырау аудандық
мәслихатының
21 сессиясының 2017 жылғы
28 желтоқсандағы № 5 шешіміне
2 қосымша

Ботақара кенті, Новоузенка, Доскей, Көкпекті ауылдары мен Қушоқы кенті бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, шығару және көмуге арналған тарифтері

Атауы

Жинақталу нормасы м3

1 м3 үшін тариф (ҚҚС-мен) (теңге)

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, шығару және көму үшін қызмет құны, айына (теңге)

Ботақара кенті бойнша

Заңды тұлғалар (1м3)


1343,44


Жеке тұлғалар

Жайлы тұрғын үй (1 тұрғынға)

1,75

1343,44

194,81

Жайлы емес тұрғын үй (1 тұрғынға)

2,1

1343,44

235,1

Новоузенка, Доскей, Көкпекті ауылдары мен Қушоқы кенті бойынша

Заңды тұлғалар (1м3)


1121,8


Жеке тұлғалар

Жайлы тұрғын үй (1 тұрғынға)

1,75

1121,8

163,59

Жайлы емес тұрғын үй (1 тұрғынға)

2,1

1121,8

196,32

      Ескерту: ҚҚС – қосылған құн салығы;

      м3 - текше метр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады