Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жаңаарқа ауданы бойынша 2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Қожықаев Қанат Шубайұлына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ю. Бекқожин |
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 14 ақпандағы №11/01 қаулысына қосымша |
Жаңаарқа ауданы бойынша 2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ананың төлемақысының мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының әкімдігінің 10.12.2019 № 117/01 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрі | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы ата-аналардың бір айға ақы төлеу мөлшері (теңге) | Бір тәрбиеленушіге бір айға жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) кем емес | |||
мемлекеттік | Жеке | мемлекеттік | жеке | мемлекеттік | Жеке | ||
1. | "Атасу кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Қарлығаш" балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны | 100 | - | 3 жастан 5 жасқа дейін- 11000 теңге | - | 32280 | - |
2. | "Атасу кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балдырған" балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны | 150 | - | 3 жастан 5 жасқа дейін- 11000 теңге | - | 30580 | - |
3. | "Атасу кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Ақерке" бөбек- жай" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны | 190 | - |
2 жастан 3 жасқа дейін- 10700 теңге, | - | 31575 | - |
4. | "Атасу кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Ер Төстік" бөбек-жай" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны | 140 | - |
2 жастан 3 жасқа дейін- 10700 теңге, | - | 27644 | - |
5. | "Түгіскен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Еркетай" бөбек- жай" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны | 50 | - |
2 жастан 3 жасқа дейін- 10700 теңге, | - | 27616 | - |
6. | Жаңаарқа ауданы әкімдігінің Жаңаарқа ауданының білім бөлімінің "Құлыншақ" бөбек- жай" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны | 25 | - |
2 жастан 3 жасқа дейін- 10700 теңге, | - | 27616 | - |
7. | "Балауса" бөбекжайы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (басшы Бекежанова Багдат Шакарбаевна) | - | 100 | - |
2 жастан 3 жасқа дейін- 10700 теңге, | - | 32288 |
8. | "Ясли сад "Дария" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (басшы Орманалиева Асем Ергалиевна" | - | 60 | - |
2 жастан 3 жасқа дейін- 10700 теңге, | - | 32288 |