Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 69 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Нұра кентінен Кәрім Мыңбаев, Көбетей, Ахмет ауылдарына талшықты-оптиқалық байланыс желісін жобалау, салу және пайдалану үшін, меншік иелері және жер пайдаланушыларынан жер учаскесін алмай, "Қазақтелеком" ақционерлік қоғамына 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Нұра ауданының жер қатынастары бөлімі (Қ.Қ. Қадырбаев) Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 14-1 бабына сәйкес жұмыстарын жүргізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Байкен |
Нұра ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "7" наурыздағы № 06/01 қаулысына қосымша |
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 24.05.2019 № 14/01 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Атауы | Қауымдық сервитутты орнату алаңы, гектар |
Нұра ауданы | ||
1 |
Қарағанды – Шахтинск – Есенгелді – Қайнар – Нұра облыстық маңызы бар жолы | 0,01800 |
2 | Көбетей ауылдық округі | 7,1496 |
3 | Қорғанжар ауылдық округі | 10,7346 |
4 | Нұра кенті | 5,8080 |
5 | Ахмет ауылы | 7,2070 |
6 | Көбетей ауылы | 10,8840 |
7 | Кәрім Мыңбаев ауылы | 1,3000 |
Барлығы | 43,1012 |