Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 69 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нұра ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 06/01 "Талшықты-оптиқалық байланыс желісін жобалау, салу және пайдалану үшін Нұра ауданы аумағында жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5226 болып тіркелген, 2019 жылғы 16 наурыздағы № 11 (5610) "Нұра" газетінде және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде 2019 жылы 20 наурызда электрондық түрде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы, осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Нұра ауданының жер қатынастары бөлімі (Қ.Қ. Қадырбаев) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне сәйкес жұмыстарын жүргізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Байкен |
Нұра ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "24" мамырдағы № 14/01 қаулысына қосымша |
|
Нұра ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "7" наурыздағы № 06/01 қаулысына қосымша |
№ | Атауы | Қауымдық сервитутты орнату алаңы, гектар |
Нұра ауданы | ||
1 |
Қарағанды – Шахтинск – Есенгелді – Қайнар – Нұра облыстық маңызы бар жолы | 0,01800 |
2 | Көбетей ауылдық округі | 7,1496 |
3 | Қорғанжар ауылдық округі | 10,7346 |
4 | Нұра кенті | 5,8080 |
5 | Ахмет ауылы | 7,2070 |
6 | Көбетей ауылы | 10,8840 |
7 | Кәрім Мыңбаев ауылы | 1,3000 |
Барлығы | 43,1012 |