Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 29.03.2024 № 82 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Нұра аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Нұра аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы 26 сессиясының № 242 "Нұра ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2614 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 мамырдағы № 18 (5355) "Нұра" газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 5 мамырда жарияланған), келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Нұра ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
6 тармақ мынадай мазмұндағы 1-2), 1-3), 1-4), 1-5) тармақшаларымен толықтырылсын:
"1-2) 26 сәуір – Чернобыль атомдық электростанциясындағы жарылыс күні;
1-3) 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні;
1-4) 6 шілде – Астана күні;
1-5) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;";
9 тармақ мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"8-1) Нұра ауданының мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде тәрбиеленетін және оқытылатын балалары бар кедейшілік шегінен төмен табысы бар аз қамтылған көпбалалы отбасыларға;".
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | Д. Алшинбаев |
аудандық мәслихаттың хатшысы | Т. Оспанов |