Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес және 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 06-07-2-28/560 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Осакаров аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік ветеринария-санитарлық бас инспекторының ұсынысының негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ірі қара малдың арасынан бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізумен байланысты, Родниковск ауылдық округінің Қарасу ауылы аумағында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Аудан әкімдігінің 2019 жылғы 14 маусымдағы №35/01 "Родниковск ауылдық округінің Қарасу ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5387 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылы 21 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Осакаров ауданының әкімі | Н. Кобжанов |