Родниковск ауылдық округінің Қарасу ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 14 маусымдағы № 35/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 маусымда № 5387 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 74/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 23.12.2019 № 74/01 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ірі қара малдың арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты, Родниковск ауылдық округінің Қарасу ауылының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс-шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Кобжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады