"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу Қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 878 қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4953 нөмірімен тіркелген, "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2015 жылғы 21 сәуірде және Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 мамырда жарияланған);
2) "Білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесінің Үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 879 қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4954 нөмірімен тіркелген, "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2015 жылғы 21 сәуірде және Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 мамырда жарияланған).
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қызылорда облысының әкімі | К. Искаков |