Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 04.11.2019 № 94 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған орта бiлiм беру ұйымдарында психологиялық қызметтiң жұмыс iстеу Қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р. Кенжеханұлына жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев | ||||||||
|
Орта бiлiм беру ұйымдарында психологиялық қызметтiң жұмыс iстеу Қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар орта бiлiм беру ұйымдарында психологиялық қызметтiң (бұдан әрi – Психологиялық қызмет) жұмысын реттейдi.
2. Психологиялық қызмет көрсету Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi "Бiлiм туралы" Заңы, Бала құқықтары туралы Конвенция, сондай-ақ, осы Қағидалар шеңберiнде жүзеге асырылады.
3. Психологиялық қызмет орта бiлiм беру ұйымдарының құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.
4. Психологиялық қызметтiң құрылымы бiлiм беру ұйымдарының тұрпатына, түрiне және қажеттiлiгiне, сондай-ақ, педагог-психологтар штатының бiрлiк санына қарай айқындалады.
5. Психологиялық қызметтiң құжаттамасы:
1) орта бiлiм беру ұйымдарында Психологиялық қызметтiң жұмысын ұйымдастыру қағидаларын;
2) орта бiлiм беру ұйымының басшысымен бекiтiлген Психологиялық қызметтiң күнтiзбелiк жұмыс жоспарын;
3) аталған орта бiлiм беру ұйымдарының басшылары бекiткен психологиялық диагностикалау бағдарламаларын (бұдан әрi - психодиагностикалау), психологиялық тренингтердi дамыту және түзету жұмыстарын;
4) бiлiм беру саласындағы психологиялық сабақтардың, тренингтердiң және басқа да психологиялық жұмыс түрлерiнiң әдiстемелiк әзiрлемелерiн;
5) психодиагностикалық әдiстемелердiң деректер банкi мен тiзбесiн;
6) бiлiм алушылардың психологиялық дамуының жеке карталарын, топтық психологиялық портреттерiн;
7) психологиялық тексерудiң нәтижелерiн, қорытындысы мен ұсынымдарын;
8) орта бiлiм беру ұйымы басшысының мөрiмен бекiтiлген Психологиялық қызметтiң жұмыс түрлерiн (психодиагностикалық, дамыту, түзету, ағартушылық, сараптамалық, әдiстемелiк жұмыстарды, жеке және топтық консультация беру, психологиялық қызметке сұраныс беру) есепке алуды тiркеу журналын;
9) белгiленген кезеңдерге (тоқсан, жартыжылдық, бiр жыл) берiлетiн Психологиялық қызметтiң жұмысы туралы талдамалық есептердi қамтиды.
6. Психологиялық қызметтiң бір жылғы жұмыс қорытындысы орта бiлiм беру ұйымдарының есептiк құжаттамаларында қамтылады.
Орта бiлiм беру ұйымдарындағы Психологиялық қызметтiң мақсаттары мен мiндеттерi
7. Психологиялық қызметтiң мақсаты - орта бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтiк-психологиялық жағдай жасау және бiлiм беру үдерiсiне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.
8. Психологиялық қызметтiң мiндеттерi:
1) бiлiм алушылардың тұлғалық және зияткерлiк дамуына ықпал ету, өзiн-өзi тәрбиелеу және өзiн-өзi дамыту қабiлетiн қалыптастыру;
2) бiлiм алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуiне психологиялық жәрдем көрсету;
3) тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негiзiнде әрбiр бiлiм алушыға жеке тұрғыдан ықпал ету;
4) психологиялық диагностиканы жүргiзу және бiлiм алушылардың шығармашылық әлеуетiн дамыту;
5) психологиялық қиыншылықтар мен бiлiм алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
6) психологиялық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдiстерiн таңдауда ата-аналар мен педагогтарға консультациялық көмек көрсету;
7) бiлiм беру үдерiсi субъектiлерiнiң психологиялық-педагогикалық құзыреттiлiгiн көтеру.
9. Психологиялық қызмет өз қызметін психодиагностикалық, консультациялық, ағартушылық-профилактикалық, түзету-дамытушылық және әлеуметтiк-диспетчерлiк бағытта жүзеге асырады.
10. Психодиагностикалық бағыттар:
1) бiлiм алушыларды психологиялық диагностикалау;
2) бiлiм алушылардың бейiмделуi, дамуы мен әлеуметтенуi мақсатында оларды кешендi психологиялық тексеру;
3) бiлiм алушылардың қабiлеттiлiгi, қызығушылығы мен икемдiлiгiн психологиялық диагностикалау;
4) психологиялық диагностиканың қорытындысы бойынша психологиялық тұжырымдар мен ұсыныстарды дайындауды қамтиды.
11. Консультациялық бағыттар:
1) бiлiм алушыларға, ата-аналар мен педагогтарға олардың сұранысы бойынша консультация беру;
2) бiлiм алушыларға, ата-аналар мен педагогтарға жеке тұлғалық, кәсiптiк өзiн-өзi айқындау проблемалары және айналасындағылармен өзара қарым-қатынастар бойынша жеке және топпен консультация жүргiзу;
3) күйзелiстiк, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелiстiк жағдайда болып табылатын бiлiм алушыларға психологиялық қолдау көрсету;
4) тұлғааралық және топаралық жанжалдарды шешуде делдалдық жұмыстарды ұйымдастыруды қамтиды.
12. Ағартушылық-профилактикалық бағыттар:
1) бiлiм алушылар мен педагогтардың өзiн-өзi айқындауына, кәсiптiк өсуiне ықпал ету;
2) бiлiм алушылар бейiмсiздiгiнiң психологиялық алдын алу;
3) педагогтарды аттестаттауды әлеуметтiк-психологиялық қолдау;
4) әдiстемелiк бiрлестiктер мен педагогикалық кеңестiң және медициналық-психологиялық-педагогикалық консилиумдарының жұмысына ықпал етуді қамтиды.
13. Түзету-дамытушылық бағыттар:
1) жеке тұлғалық өсуге арналған тренингтер өткiзу;
2) бiлiм алушылар мен педагогтардың тұлғалық, зияткерлiк, эмоционалды-жiгерлiк, шығармашылық даму үйлесiмдiлiгi бойынша психологиялық түзету және дамыту сабақтарын ұйымдастыру;
3) жанжалдық тұлғааралық қатынастарды түзетуді қамтиды.
14. Әлеуметтiк-диспетчерлiк бағыттар:
1) педагог-психологтың және кең көлемде талап етiлетiн мамандардың кәсiптiк құзыреттiлiгi, функционалдық мiндеттерi шеңберiнен шығатын проблемаларды шешу бойынша (дәрігерлермен, дефектологтармен, логопедтермен, тифлопедагогтар және т.б.) аралас-мамандармен өзара іс-қимыл жүргiзу;
2) әлеуметтiк-медициналық-психологиялық қызметтер туралы деректер банкiн қалыптастыру;
3) аралас-мамандармен және шұғыл жағдайларда көмек көрсетуші мүдделi органдармен өзара iс-қимыл нәтижелерiнiң мониторингiн жүргiзуді қамтиды.
15. Психологиялық қызмет жеке және топтық негiзде бiлiм алушыларға және педагог қызметкерлерге жұмыстың диагоностикалық, дамытушылық, түзету және профилактикалық түрлерi кешенiн жүргiзу үшiн жекелеген орынжайда орналасқан және қажеттi жағдайлармен қамтамасыз етiлген педагог-психолог кабинетi базасында жұмыс iстейдi.
16. Психологиялық қызметтiң жұмысын облыстық бiлiм басқармасы, аудандық, қалалық бiлiм бөлiмдерi үйлестiредi.
17. Психологиялық қызметтiң жұмысы педагогикалық және медициналық қызметкерлермен, оның iшiнде денсаулық сақтау жүйесiмен, қамқоршылық және қорғаншылық органдарымен, ата-аналар қоғамымен тығыз байланыста жүзеге асырылады.
18. Психологиялық қызмет әдiстемелiк орталықпен, психологиялық орталықтармен, тәжiрибелi психологтар кафедралары және қауымдастықтарымен, бiлiм бөлiмдерiнiң әдiстемелiк кабинеттерiмен өзара әрекеттеседi.
19. Педагог-психолог өз қызметiнде:
1) осы Қағидаларды басшылыққа алады;
2) өзiнiң кәсiби құзыреттiлiгi және бiлiктiлiк талаптары шеңберiнде шешiм қабылдайды;
3) жалпы психологияны, педагогикалық психология мен жалпы педагогиканы, жеке тұлға психологиясы және дифференциалды психология, балалар және жас ерекшелiктiк психология, әлеуметтiк психология, медициналық психологияны, психодиагностика, психологиялық консультация берудi және әлеуметтiк, практикалық және жас ерекшелiктiк психология саласындағы психологиялық ғылымның жаңа жетiстiктерiн бiлуi қажет;
4) диагностикалық, дамытушылық, әлеуметтiк-психологиялық, психологиялық түзету және консультативтiк-профилактикалық жұмыстардың ғылыми-негiзделген әдiстемелерiн қолданады;
5) белсендi оқыту, әлеуметтiк-психологиялық байланыс тренингі әдiстерiн, жеке және топтық кәсiптiк консультациялар берудiң, бiлiм алушылардың қалыпты дамуының диагностикасы мен түзетудiң заманауи әдiстерiн қолданады;
6) барлық оқу кезеңiнде бiлiм алушының жеке-психологиялық ерекшелектерiнiң психологиялық диагностикасын жоспарлайды;
7) бiлiм алушылардың тұлғалық қалыптасуындағы және дамуындағы ақаулықты анықтайды;
8) бiлiм алушыларға, педагогтарға, ата-аналарға жеке, кәсiптiк және басқа да мәселелердi шешуде психологиялық көмек және қолдау көрсетедi;
9) күйзелiстiк, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелiстiк жағдайда болып табылатын педагогтарға, бiлiм алушыларға психологиялық көмек және қолдау көрсетудi жүзеге асырады;
10) бiлiм алушылардың бейәлеуметтiк әрекеттерiнiң алдын алады және оларды уақытылы түзетудi жүзеге асырады;
11) өзiнiң кәсiптiк құзыреттiлiгiн және бiлiктiлiгiн арттырады;
12) тиiстi кәсiби даярлығы жоқ адамдардың бiлiм беру ұйымдарында психологиялық диагностика, психологиялық түзету жұмыстарын жүргiзуге жол бермейдi;
13) орта бiлiм беру ұйымының әлеуметтiк саласын үйлестiрудi қалыптастыру және әлеуметтiк бейiмсiздiктiң туындауының профилактикасы бойынша алдын-алу шараларын жүзеге асырады;
14) зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық-педагогикалық қорытындылар жасайды;
15) дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзiрлеуге қатысады;
16) бiлiм алушылар, тәрбиеленушілер педагогикалық қызметкерлер мен ата-аналар (немесе оларды алмастыратын тұлғалар) арасында психологиялық мәдениеттi қалыптастырады;
17) бiлiм алушылармен, ата-аналармен және педагогтармен психодиагностикалық, консультациялық, ағартушылық-профилиактикалық, түзету-дамытушылық және әлеуметтiк-диспетчерлiк жұмыстардың нысанын және әдiсiн таңдайды;
18) оқу-тәрбие үдерiсiн ұйымдастыру бойынша құжаттамалармен, бiлiм алушылардың және педагогтардың жеке iстерiмен танысады;
19) түзету және дамытушылық бағдарламаларын және психологиялық жұмыстың жаңа әдiсiн жасауын талқылауға қатысады;
20) жоғары оқу орындарының психология кафедраларымен және тәжiрибелi психологтар қауымдастықтарымен байланысты қолдайды;
21) Психологиялық қызметтiң жұмысын жақсарту мәселесi бойынша бiлiм беру органдарына ұсыныстармен шығады;
22) пәндiк кафедралардың және медициналық-психологиялық-педагогикалық консилиумның, педагогикалық және әдiстемелiк кеңестердiң жұмысына қатысады.
20. Орта бiлiм беру ұйымдарының педагог-психологының "Психология және педагогика" мамандығы бойынша жоғары кәсiби бiлiмi немесе "Практикалық психология" мамандығы бойынша қайта даярлаудың арнайы факультетiнде алынған қосымша бiлiмiмен педагогикалық бiлiмiнiң, "Психология" қосымша мамандығымен жоғары педагогикалық бiлiмi болу керек.
21. Лауазымдық жалақы, еңбек демалысының ұзақтығы, тарификацияланған педагогикалық жүктеме "Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң үлгi штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестiрiлген адамдар лауазымдарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына сәйкес белгiленедi.
22. Педагог-психолог:
1) психологиялық диагностикалау нәтижелерiнiң нақтылығын, пайдаланылған диагностикалық және түзетушiлiк әдiстердiң барабарлығын, ұсынымдар мен қорытындылар негiздiлiгiн, психологиялық ақпараттың құпиялылығын;
2) Психологиялық қызметтi есепке алу-есеп беру құжаттамаларының жүргiзiлуiн және сақталуын;
3) кәсiптiк психологиялық этиканың сақталуын;
4) Психологиялық қызметтiң жұмысына берiлген материалды-техникалық құралдардың сақталуын қамтамасыз етедi.
23. Педагог-психолог әкiмшiлiк бағыт бойынша орта бiлiм беру ұйымының басшысына, кәсiптiк бағыты бойынша – аудандық, қалалық білім бөлімдерінде және облыстық бiлiм басқармасында психологиялық қызметтiң жұмысына жетекшiлiк ететiн маманға бағынады.
3. Қорытынды ереже
24. Психологиялық қызметтiң жұмысын орта бiлiм беру ұйымының басшысы қамтамасыз етедi.