Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 24.08.2020 № 457 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қызылорда облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары мен мөлшерлерін айқындау туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 16 қазандағы № 358 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6936 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 24 қазанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 6-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық мәслихатының кезектен тыс 41-сессиясының төрағасы |
Ж. Ысқақ |
Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы |
К. Бисенов |