"Қызылорда облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары мен мөлшерлерін айқындау туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 16 қазандағы № 358 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 399 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 желтоқсанда № 7052 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 24 тамыздағы № 457 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 24.08.2020 № 457 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қызылорда облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары мен мөлшерлерін айқындау туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 16 қазандағы № 358 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6936 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 24 қазанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 6-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық мәслихатының
кезектен тыс 41-сессиясының төрағасы
Ж. Ысқақ
      Қызылорда облыстық
мәслихатының хатшысы
К. Бисенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады