Қызылорда облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары мен мөлшерлерін айқындау туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 16 қазандағы № 358 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 17 қазанда № 6936 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 24 тамыздағы № 457 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 24.08.2020 № 457 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылорда облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Қызылорда облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері бес жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде айқындалсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық мәслихатының
кезекті 37-сессиясының төрағасы
Т. Әлімқұлов
      Қызылорда облыстық
мәслихатының хатшысы
Қ. Бисенов

  Қызылорда облыстық мәслихатының
2019 жылғы "16" қазандағы
№ 358 шешіміне қосымша

Қызылорда облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді – Қызылорда облыстық мәслихатының 25.12.2019 № 399 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы Қызылорда облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Қызылорда облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдауды төлеу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі;

      2) жұмыс берушi - медицина және фармацевтика қызметкерiмен еңбек шартын жасасқан тиісті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымы;

      3) медициналық және фармацевтикалық қызметкерлер - еңбек шартын жасасқан, жоғары медициналық білімі және тиісті маман сертификаты бар қызметкерлер.

      3. Ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау (бұдан әрі - әлеуметтік қолдау) бір жолғы көмек болып табылады.

      4. Әлеуметтік қолдау жұмыс берушімен еңбек шартын жасасқаннан кейін кемінде 5 (бес) жыл мерзімге жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерінің есеп шоттарына екінші деңгейдегі банктер немесе банктік қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен уәкілетті органмен төленеді.

      Осы кемінде 5 (бес) жылдық кезеңге қызметкердiң жалақысы сақталмайтын демалыста, бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалысы, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақпен расталған екi айдан артық уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі кiрмейдi.

      5. Уәкiлеттi орган өндiрiстiк қажеттiлiкке байланысты ауылдық жерде орналасқан медициналық және фармацевтикалық ұйымдардың арасында ауыстыру туралы шешiм қабылдаған жағдайда, медицина және фармацевтика қызметкерлердiң әлеуметтiк көмек алу құқығы сақталады.

      6. Медицина және фармацевтика қызметкерлері әлеуметтiк қолдау алу үшін уәкілетті органға келесі құжаттарды тапсырады:

      1) жеке куәлігінің көшірмесін;

      2) білім туралы дипломының көшірмесін;

      3) еңбек кітапшасының көшірмесін (болған жағдайда);

      4) мемлекеттік медицина ұйымына жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін;

      5) алынып тасталды – Қызылорда облыстық мәслихатының 25.12.2019 № 399 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      6) 3х4 фото сурет (2 дана) ұсынады.

      7. Уәкiлеттi орган денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлық қамтамасыз ету мақсатында:

      1) ауылдық жерлер үшiн жекелеген мамандықтар бойынша медицина және фармацевтика кадрларына деген сұранысқа жыл сайын талдау жасайды;

      2) әлеуметтiк қолдауға мұқтаж медицина және фармацевтика қызметкерлердiң тiзiмiн жасайды;

      3) әлеуметтiк қолдау көрсету мәселелерi бойынша түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi.

      8. Уәкiлеттi органның жолдамасымен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес жұмыс берушi медицина және фармацевтика қызметкерлермен еңбек шартын жасайды.

      9. Медицина және фармацевтика қызметкерімен еңбек шарты бұзылған жағдайда жұмыс берушi бұл туралы 10 жұмыс күнінен кешiктiрмей уәкiлеттi органға хабарлауы қажет.

      10. Еңбек қатынастары мерзімінен бұрын бұзылған кезде алдында төленген ақша қаражаттарын қайтару еңбек шартында қаралады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады