"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министірлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылорда қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 20 қыркүйектегі № 06-515 ұсынысы негізінде, Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қосшыңырау ауылдық округінде орналасқан "Кылыш" шаруашылық қожалығы аумағында мүйізді ірі қара малдың арасында бруцеллез ауру ошағының жойылуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Д. Таубай |