Қосшыңырау ауылдық округінде орналасқан "Кылыш" шаруашылық қожалығы аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы Қосшыңырау ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 80 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 қазанда № 6929 болып тіркелді

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министірлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылорда қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 20 қыркүйектегі № 06-515 ұсынысы негізінде, Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қосшыңырау ауылдық округінде орналасқан "Кылыш" шаруашылық қожалығы аумағында мүйізді ірі қара малдың арасында бруцеллез ауру ошағының жойылуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі Д. Таубай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады