"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министірлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылорда қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 8 қазандағы №06-544 ұсынысы негізінде, Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қосшыңырау ауылдық округінде орналасқан "Жеке кәсіпкер Бимағанбет" (Пшанов Калижан Тулешович) аумағында мүйізді ірі қара малдың арасында бруцеллез ауру ошағының жойылуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Қосшыңырау ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 2 шілдедегі № 49 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6839 болып тіркелген, 2019 жылғы 10 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланды) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Д. Таубай |