Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы Қосшыңырау ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 2 шілдедегі № 49 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 шілдеде № 6839 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы Қосшыңырау ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 9 қазандағы № 81 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы Қосшыңырау ауылдық округі әкімінің 09.10.2019 № 81 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министірлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылорда қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 10 маусымындағы №06-336, №06-340 ұсыныстары негізінде, Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүйізді ірі қара малдардың арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Қосшыңырау ауылдық округінде орналасқан "Кылыш" шаруашылық қожалығы және "Жеке кәсіпкер Бимағанбет" (Пшанов Калижан Тулешович) аумақтарында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қосшыңырау ауылдық округі әкімі Д. Таубай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады