Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 29.04.2021 № 47 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 150 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6129 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 23 қаңтардағы жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау" Қағидаларында:
5-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацтағы "40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет" деген сөздерден кейін "және 1941-1945 жылдарындағы Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 74 жыл толуына орай материалдық көмек ретінде біржолғы 120 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.