"Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 150 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 12 шілдедегі № 303 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 шілдеде № 6848 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 47 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 29.04.2021 № 47 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 150 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6129 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 23 қаңтардағы жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау" Қағидаларында:

      5-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацтағы "40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет" деген сөздерден кейін "және 1941-1945 жылдарындағы Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 74 жыл толуына орай материалдық көмек ретінде біржолғы 120 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
ХХХХІІІ сессиясының төрағасы
Б. Ізмағанбетов
      Аудандық мәслихат хатшысының
міндетін уақытша атқарушы
Қ.Мәмбетжан
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қызылорда облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы"
мемлекеттік мекемесімен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады