Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы Өркендеу ауылдық округі әкімінің 05.12.2019 № 21 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлiгiнің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетi Қазалы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 29 шілдедегі № 7-09-428 ұсынысы негізінде, Өркендеу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Өркендеу ауылдық округi, Жанкент ауылының аумағында ұсақ малдардың арасында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты шектеу iс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Өркендеу ауылдық округінің әкімі | Н. Үргенішбай |