"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Қазалы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2019 жылғы 4 желтоқсандағы №7-09-664 ұсынысы негізінде, Өркендеу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Өркендеу ауылдық округiнің Жанкент ауылының аумағында ұсақ малдардың арасында бруцеллез ауруына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Өркендеу ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 14 тамыздағы № 14 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6880 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 19 тамызда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Н. Үргенішбай |