Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімінің 2019 жылғы 14 тамыздағы № 14 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 тамызда № 6880 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы Өркендеу ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 5 желтоқсандағы № 21 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы Өркендеу ауылдық округі әкімінің 05.12.2019 № 21 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлiгiнің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетi Қазалы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 29 шілдедегі № 7-09-428 ұсынысы негізінде, Өркендеу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Өркендеу ауылдық округi, Жанкент ауылының аумағында ұсақ малдардың арасында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты шектеу iс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Өркендеу ауылдық округінің әкімі Н. Үргенішбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады