Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 26.11.2021 № 108 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихатыШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қармақшы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 қазандағы № 205 "Қармақшы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6482 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 8 қарашада жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы аудандық мәслихатының кезекті 42-сессиясының төрағасы |
Т.Ералиев |
Қармақшы аудандық мәслихатының хатшысы |
М.Наятұлы |
Қармақшы аудандық мәслихатының 2019 жылғы "23" қазандағы № 266 шешіміне қосымша |
|
Қармақшы аудандық мәслихатының 2018 жылғы "23" қазандағы № 205 1-шешіміне қосымша |
Қармақшы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | 1 есептік бірлікке жылдық нормасы, текше метр |
1 | Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 2,589895 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 0,02159 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,347333 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,544241 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері,байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,564286 |
6 | Емханалар | 1 келіп кету | 0,586607 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 2,314625 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,137416 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,242855 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы | 1 отыратын орын | 0,042988 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,016817 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын | 0,054838 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,008701 |
14 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | сауда алаңы 1 шаршы метр | 0,173416 |
15 | Машиналардан сату | сауда орнының 1 шаршы метр | 0,238988 |
16 | Базалар,сауда павильондары, дүңгіршіктер, сөрелер | сауда алаңы 1 шаршы метр | 0,588237 |
17 | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,198749 |
18 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,016411 |
19 | Вокзалдар, автовокзалдар | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,117321 |
20 | Дәріханалар | сауда алаңы 1 шаршы метр | 0,033567 |
21 | Автотұрақтар, автомобиль жуу орындары, автожанармай құю станциясы, гараждар | 1 машина – орын | 8,261384 |
22 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,129851 |
23 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 4,432143 |
24 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,007466 |
25 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,375279 |
26 | Ұсақ жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) | 1 жұмыс орны | 0,740107 |
27 | Моншалар, сауналар | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,104751 |
28 | Ауданның аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды тұлғалар | 1000 қатысушы | 0,104286 |