"Құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуiрдегi Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес Қармақшы ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Тез бұзылуға бейім заттай дәлелдемелерді сақтайтын ұйымды айқындау туралы" Қармақшы ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 26 мамырдағы № 260 қаулысының (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 5529 тiркелген, "Қармақшы таңы" газетiнде 2016 жылғы 15 маусымында, "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесiнде 2016 жылғы 23 маусымында жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
Қармақшы ауданының әкімі | М. Калдарбеков |