Тез бұзылуға бейім заттай дәлелдемелерді сақтайтын ұйымды айқындау туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 260 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 07 маусымда N 5529 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 38 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 18.12.2019 № 38 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi).
      Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі2014 жылғы 4 шілдедегі, “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодекстеріне және “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қылмыстық және әкімшілік істер бойынша тез бұзылуға бейім заттай дәлелдемелерді сақтайтын ұйым болып "Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қармақшы аудандық ветеринариялық стансасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны айқындалсын.
      2. "Қармақшы аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі және "Қармақшы аудандық ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қармақшы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы Ә. Қошалақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады