"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 19 қыркүйектегі №1 қорытындысына сәйкес Жосалы кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жосалы кентінің "Тәуелсіздік" ықшам ауданынындағы келесі көшелері:
1) атауы жоқ №5 көшеге "Сұлтан Сармолдин" есімі;
2) атауы жоқ №9 көшеге "Әділбек Қайруллаев" есімі;
3) атауы жоқ №17 көшеге "Шәкіман Бектібаев" есімі берілсін.
2. Жосалы кентінің "Шығыс" көшесі "Ардақ Қазиев" есімімен қайта аталсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жосалы кенті әкімінің орынбасары А.Қойшыбаевқа жүктелсін.
4. Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы | Аты-жөні |