Көшелерге атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кенті әкімінің 2019 жылғы 25 қарашадағы № 663 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 қарашада № 6987 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 19 қыркүйектегі №1 қорытындысына сәйкес Жосалы кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жосалы кентінің "Тәуелсіздік" ықшам ауданынындағы келесі көшелері:

      1) атауы жоқ №5 көшеге "Сұлтан Сармолдин" есімі;

      2) атауы жоқ №9 көшеге "Әділбек Қайруллаев" есімі;

      3) атауы жоқ №17 көшеге "Шәкіман Бектібаев" есімі берілсін.

      2. Жосалы кентінің "Шығыс" көшесі "Ардақ Қазиев" есімімен қайта аталсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жосалы кенті әкімінің орынбасары А.Қойшыбаевқа жүктелсін.

      4. Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Лауазымы Аты-жөні

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады