Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 19.04.2021 № 84 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
“Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 3-тармағының 11) тармақшасына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12590 болып тіркелген) сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 25.02.2020 № 53 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).1. “Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін бірыңғай ұйымдастырушы болып айқындалсын.
2. “Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Р. Д. Ержановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш ауданының әкімі | Қ. Сәрсенбаев |