Жалағаш ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 84 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 20 сәуірде № 8302 болып тіркелді

      “Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27, 50-бабтарына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Жалағаш ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданының әкімі А. Шаменов

  Жалағаш ауданы әкімдігінің
  2021 жылғы 19 сәуірдегі № 84
  қаулысына қосымша

Жалағаш ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылатын кейбір қаулыларының тізбесі

      1. “Тапсырыс берушілер үшін бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 3 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6654 болып тіркелген).

      2. “Тапсырыс берушілер үшін бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 5 маусымдағы № 103 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6813 болып тіркелген).

      3. “Тапсырыс берушілер үшін бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 25 ақпандағы № 53 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №7263 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады