Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 13.04.2020 № 55-1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
“Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабы 2-тармағына және “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі № 726 қаулысына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. “Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы № 15-1 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5957 болып тіркелген, 2017 жылы 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларының 16-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.