Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №15-1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы”

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 51-17 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 қаңтарда № 7209 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 55-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 13.04.2020 № 55-1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      “Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабы 2-тармағына және “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі № 726 қаулысына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. “Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы № 15-1 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5957 болып тіркелген, 2017 жылы 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларының 16-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш аудандық мәслихатының
сессиясының төрағасы
А. Махатова
      Жалағаш аудандық мәслихатының
хатшысы
М. Еспанов
     
      “КЕЛІСІЛДІ”
“Қызылорда облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы”
мемлекеттік мекемесімен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады