Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 11.08.2022 № 158 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
"Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы кодексiнiң 19-1 бабының 1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Сырдария ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" Сырдария аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 258 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6577 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 08 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудандық мәслихаттың кезекті 36 сессиясының төрағасы: |
Ж.Налибаева |
Аудандық мәслихаттың хатшысы: | Е.Әжікенов |
Сырдария аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 297 шешіміне қосымша |
|
Сырдария аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 258 шешіміне қосымша |
Сырдария ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік |
1 есептік бірлікке |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 0,977 |
2. | Жатақханалар | 1 орын | 0,284 |
3. | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,315 |
4. | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,688 |
5. | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,142 |
6. | Емханалар | 1 келіп кету | 0,13 |
7. | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 0,712 |
8. | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,267 |
9. | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,434 |
10. | Театрлар, концерт залдары | 1 отыратын орын | 0,030 |
11. | Мұражайлар, көрмелер | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,0575 |
12. | Стадиондар, спорт алаңдары | 1 орын жоба бойынша | 0,725 |
13. | Спорт, би және ойын залдары | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,075 |
14. | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | сауда алаңы 1 шаршы метр | 0,234 |
15. | Базарлар, сауда павильондары, дүнгіршектер, сөрелер | сауда алаңы 1 шаршы метр | 0,0215 |
16. | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,4625 |
17. | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базарлары, қоймалары | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,023 |
18. | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,045 |
19. | Вокзалдар, автовокзалдар | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,526 |
20. | Жағажайлар | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,035 |
21. | Дәріханалар | сауда алаңы 1 шаршы метр | 0,066 |
22. | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автомобиль жанар май құю станциясы, гараждар | 1 машина-орын | 0,022 |
23. | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 0,025 |
24. | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | 0,035 |
25. | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,034 |
26. | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,022 |
27. | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,035 |
28. | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) | 1 жұмыс орны | 0,045 |
29. | Моншалар | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,065 |
30. | Ауданның аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды тұлғалар | 1000 қатысушы | 0,045 |
31. | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 0,5 |