Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 11.08.2022 № 158 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
"Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы кодексiнiң 19-1 бабының 1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сырдария ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудандық мәслихаттың кезекті 31 сессиясының төрағасы: |
Б.Есназар |
Аудандық мәслихаттың хатшысы: | Е.Әжікенов |
Сырдария аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 258 шешіміне қосымша |
Сырдария ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 10.04.2019 № 297 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік |
1 есептік бірлікке |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 0,977 |
2. | Жатақханалар | 1 орын | 0,284 |
3. | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,315 |
4. | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,688 |
5. | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,142 |
6. | Емханалар | 1 келіп кету | 0,13 |
7. | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 0,712 |
8. | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,267 |
9. | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,434 |
10. | Театрлар, концерт залдары | 1 отыратын орын | 0,030 |
11. | Мұражайлар, көрмелер | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,0575 |
12. | Стадиондар, спорт алаңдары | 1 орын жоба бойынша | 0,725 |
13. | Спорт, би және ойын залдары | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,075 |
14. | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | сауда алаңы 1 шаршы метр | 0,234 |
15. | Базарлар, сауда павильондары, дүнгіршектер, сөрелер | сауда алаңы 1 шаршы метр | 0,0215 |
16. | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,4625 |
17. | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базарлары, қоймалары | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,023 |
18. | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,045 |
19. | Вокзалдар, автовокзалдар | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,526 |
20. | Жағажайлар | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,035 |
21. | Дәріханалар | сауда алаңы 1 шаршы метр | 0,066 |
22. | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автомобиль жанар май құю станциясы, гараждар | 1 машина-орын | 0,022 |
23. | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 0,025 |
24. | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | 0,035 |
25. | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,034 |
26. | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,022 |
27. | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,035 |
28. | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) | 1 жұмыс орны | 0,045 |
29. | Моншалар | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,065 |
30. | Ауданның аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды тұлғалар | 1000 қатысушы | 0,045 |
31. | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 0,5 |