Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Сырдария ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Сырдария ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" Сырдария аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 258 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6577 болып тіркелген) шешімі;
2) "Сырдария ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" Сырдария аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №258 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 297 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6769 болып тіркелген) шешімі.
3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сырдария аудандық мәслихат хатшысының міндетін уақытша атқарушы | Б. Есназар |
Сырдария аудандық мәслихатының 2022 жылғы 11 тамыздағы № 158 шешіміне қосымша |
Сырдария ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтардың жинақтау объектілерінің түрлері | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жинақталуының орташа жылдық нормалары, м3 |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 0,7635 |
2. | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 0,284 |
3. | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,688 |
4. | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,142 |
5. | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 0,712 |
6. | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,267 |
7. | Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,434 |
8. | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,03 |
9. | Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер | сауда алаңы 1 м2 | 0,234 |
10. | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | сауда алаңы 1 м2 | 0,0215 |
11. | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,023 |
12. | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,526 |
13. | Дәріханалар | сауда алаңы 1 м2 | 0,066 |
14. | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 0,022 |
15. | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 0,025 |
16. | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы алаңы 1 м2 | 0,022 |