"Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 қыркүйектегі № 123 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 шілдедегі № 319 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 31 шілдеде № 6857 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 430 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 16.09.2020 № 430 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 қыркүйектегі №123 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5972 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 6 қазанда жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:

      5-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацтағы "40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет;" деген сөздерден кейін "және материалдық көмек ретінде біржолғы 120 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс 39 сессиясының төрағасы:
Д.Ералиев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы: Е.Әжікенов
      КЕЛІСІЛДІ:
"Қызылорда облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы"
мемлекеттік мекемесімен

О внесении дополнения в решение Сырдарьинского районного маслихата от 12 сентября 2017 года №123 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение Сырдарьинского районного маслихата Кызылординской области от 25 июля 2019 года № 319. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 31 июля 2019 года № 6857. Утратило силу решением Сырдарьинского районного маслихата Кызылординской области от 16 сентября 2020 года № 430

      Сноска. Утратило силу решением Сырдарьинского районного маслихата Кызылординской области от 16.09.2020 № 430 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года №504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" Сырдарьинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Сырдарьинского районного маслихата от 12 сентября 2017 года №123 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №5972, опубликовано 6 октября 2017 года в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующее дополнение:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденные указанным решением:

      второй абзац подпункта 1) пункта 5 после слов "раз в год в размере 40 месячных расчетных показателей;" дополнить словами "и единовременную материальную помощь в размере 120 месячных расчетных показателей;".

      2. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Председатель внеочередной
39 сессии районного маслихата:
Д.Ералиев
      Секретарь районного маслихата: Е.Ажикенов
      СОГЛАСОВАНО:
Государственным учреждением
"Управление координации
занятости и социальных программ
Кызылординской области"