Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 16.09.2020 № 430 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 қыркүйектегі №123 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5972 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 6 қазанда жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
5-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацтағы "40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет;" деген сөздерден кейін "және материалдық көмек ретінде біржолғы 120 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.